Ақын болу оңай деймісің қарағым...
Жақында «Нұр Астана» газетінен тараздық ақын қыз Салтанат Абашованың өлеңдерін оқыдым. Салтанат 19 жасында осыдан тура 10 жыл өз-өзіне қол жұмсап, бұл жарық дүниемен қоштасыпты. Кейінен анасы қызының киімдерінің қалтасынан өлеңдерін тауып алыпты. Артында оншақты ғана өлеңі қалыпты. Өлеңдерін оқып отырып, қазақтың мықты ақын қызының ашыла алмай кеткенін, ерте кеткеніне жаным ауырды.
Салтанаттың өлеңдері:
Аңқалаумен жете алмай арманыма,
Ілінем бе қасірет қармағына.
Кеткім келіп тұрады, өкпем кеуіп,
Өмір – деген өзеннің ар жағына…
Тоңдырғасын тірліктің мұзы, қары,
Қалмағандай мен үшін қызығары.
Жапырағын жанымның жасын ұрып,
Табанымнан төбеме сыз ұрады.
Тарылғасын кеудемнің тынысы анық,
Көрінеді аймақтың қыры шаңыт.
Күннен күнге қисайып бара жатыр
Арман атты ақ бұлақ бұрыс ағып.
Шырмағалы кеудемді күдік табы,
Қаша-а-а-а-н жаным үмітті ұмытқалы.
Аспан ашық, күн жарық бірақ, бірақ,
Суық бәрі сүйкімсіз, суық бәрі.
Жүрегімді қариды мұңым тастай,
Кештеу келген сен, шаттық шұғыл қашқай.
Балауса едім, балғын ем кетер ме екем
Он екіде әлі бір гүлімді ашпай.
Көкірегім көк тұман, бұл іс анық,
Түнге айналып күндізім жылыса ағып.
Үсік ұрып, үркектеп, үрейі ұшып
Үмітімнің барады гүлі солып.
Қиын екен жетуі бақытқа адам,
Бермеді ме мұрша әлде уақыт маған?
Аңқам кеуіп, сұлбасы сағымданған
Кең дүниеге сия алмай кетіп барам.
Көкірегімнің құлазып арғымағы,
өзегімді өкініш жандырады.
Қара түнек – қара өлім, құшағыңды аш,
Тұңғиығыңа кеп тұрмын қарғығалы…
Бар дегенге бақыт күн алда небір,
Үмітке жүргем бе алдана құр.
Отансыздай опасыз, былш еткіздім,
Былш еткіздім бетіңе жалған өмір.
***
Буда, бұйра түнеген тау сынды кілт,
Көк аспанын көңілімнің қаусырды бұлт.
Ақабадай алқынып өліп тынған,
Таусылды арман мендегі, таусылды үміт.
Таба алмаған таяныш, қорған мығым,
Тайқы маңдай бірі екем армандының.
Қара жерді құшақтап мауқын бассын,
Жаңа ғана қауызын жарған гүлім.
Көкірегіме қабылдап сайтан оғын,
Құрдымға ауып, құмықты айтар әнім…
Дауа таппай жаныма дауыл күнгі
Ескегі жоқ қайықтай шайқаламын.
Тұтамданып үміттің құлаш жібі,
Құлағыма қайғының ұласты үні.
Жирендіріп барады шындығы жоқ
Әділетсіз өмірдің ластығы…
Неге? Неге ақ шуақ болмады екем?!
Бақытсыз ба ем, байланған сорға бекем.
Лағы едім еліктің оттықпаған,
Қара түнге қарсы ұшып кетіп барам…
Отансыздай опасыз жалған дүние
Жалған десе, шынында жалған екен.
Жырым қалса…
Өркендейтін өміршең мұратпенен,
Төске өрлесем, әй, қайдам…бірақ та мен…
Көңілдердің көгінде ұзақ тұрар
Жақсам деп ем от өзек шырақты өлең.
Дауа болмай тірліктің құрғыр емі,
өзегімді өкініш тілгіледі.
Келемеждеп тұрғандай маған қарап,
Шашын жайып шалқақтап мұң күледі.
Жүрекке жол салсам дер жас қаламым,
Қолдан сусып кетер ме кім біледі?!…
Жарық та бір мен үшін, мола да бір,
Назы басым не демес нала көңіл.
Аңдаусызда атылған оқ секілді
Осыншама келте ме шолақ өмір!
Өзімді өзім зерделеп ұғынғанша,
Жалған жалған жалт берді бұрылғанша.
Өлмегенім сол менің: жұрт көңілінде,
Жан жүректі жазған жол жырым қалса!
Әрі қарай
Салтанаттың өлеңдері:
Аңқалаумен жете алмай арманыма,
Ілінем бе қасірет қармағына.
Кеткім келіп тұрады, өкпем кеуіп,
Өмір – деген өзеннің ар жағына…
Тоңдырғасын тірліктің мұзы, қары,
Қалмағандай мен үшін қызығары.
Жапырағын жанымның жасын ұрып,
Табанымнан төбеме сыз ұрады.
Тарылғасын кеудемнің тынысы анық,
Көрінеді аймақтың қыры шаңыт.
Күннен күнге қисайып бара жатыр
Арман атты ақ бұлақ бұрыс ағып.
Шырмағалы кеудемді күдік табы,
Қаша-а-а-а-н жаным үмітті ұмытқалы.
Аспан ашық, күн жарық бірақ, бірақ,
Суық бәрі сүйкімсіз, суық бәрі.
Жүрегімді қариды мұңым тастай,
Кештеу келген сен, шаттық шұғыл қашқай.
Балауса едім, балғын ем кетер ме екем
Он екіде әлі бір гүлімді ашпай.
Көкірегім көк тұман, бұл іс анық,
Түнге айналып күндізім жылыса ағып.
Үсік ұрып, үркектеп, үрейі ұшып
Үмітімнің барады гүлі солып.
Қиын екен жетуі бақытқа адам,
Бермеді ме мұрша әлде уақыт маған?
Аңқам кеуіп, сұлбасы сағымданған
Кең дүниеге сия алмай кетіп барам.
Көкірегімнің құлазып арғымағы,
өзегімді өкініш жандырады.
Қара түнек – қара өлім, құшағыңды аш,
Тұңғиығыңа кеп тұрмын қарғығалы…
Бар дегенге бақыт күн алда небір,
Үмітке жүргем бе алдана құр.
Отансыздай опасыз, былш еткіздім,
Былш еткіздім бетіңе жалған өмір.
***
Буда, бұйра түнеген тау сынды кілт,
Көк аспанын көңілімнің қаусырды бұлт.
Ақабадай алқынып өліп тынған,
Таусылды арман мендегі, таусылды үміт.
Таба алмаған таяныш, қорған мығым,
Тайқы маңдай бірі екем армандының.
Қара жерді құшақтап мауқын бассын,
Жаңа ғана қауызын жарған гүлім.
Көкірегіме қабылдап сайтан оғын,
Құрдымға ауып, құмықты айтар әнім…
Дауа таппай жаныма дауыл күнгі
Ескегі жоқ қайықтай шайқаламын.
Тұтамданып үміттің құлаш жібі,
Құлағыма қайғының ұласты үні.
Жирендіріп барады шындығы жоқ
Әділетсіз өмірдің ластығы…
Неге? Неге ақ шуақ болмады екем?!
Бақытсыз ба ем, байланған сорға бекем.
Лағы едім еліктің оттықпаған,
Қара түнге қарсы ұшып кетіп барам…
Отансыздай опасыз жалған дүние
Жалған десе, шынында жалған екен.
Жырым қалса…
Өркендейтін өміршең мұратпенен,
Төске өрлесем, әй, қайдам…бірақ та мен…
Көңілдердің көгінде ұзақ тұрар
Жақсам деп ем от өзек шырақты өлең.
Дауа болмай тірліктің құрғыр емі,
өзегімді өкініш тілгіледі.
Келемеждеп тұрғандай маған қарап,
Шашын жайып шалқақтап мұң күледі.
Жүрекке жол салсам дер жас қаламым,
Қолдан сусып кетер ме кім біледі?!…
Жарық та бір мен үшін, мола да бір,
Назы басым не демес нала көңіл.
Аңдаусызда атылған оқ секілді
Осыншама келте ме шолақ өмір!
Өзімді өзім зерделеп ұғынғанша,
Жалған жалған жалт берді бұрылғанша.
Өлмегенім сол менің: жұрт көңілінде,
Жан жүректі жазған жол жырым қалса!